Жаралар

Күнделікті өмірде тері мен жұмсақ тіндердің жарақаттары – сирек емес. Сіз асүйде, жұмыс кезінде, бақшада немесе гаражда, жөндеу- құрылыс жұмыстары кезінде, үйді жинау кезінде, жазатайым оқиғаларды айтпағанда, жарақаттануға болады. Тіпті кішкентай, терең емсес жаралар да емдеуді қажет етеді.

Тұрмыстық зақымданулар іс жүзінде әрдайым дерлік ластануға ие болады және инфекция қаупі жоғары.

Жаралар тесілген, кесілген, шабылған, жыртылған, соғылған, тістелген және аралас болуы мүмкін.

Жаралар, алғагшқы көмек және емдеу туралы осы жерде оқуға блады.

Жараларды өңдеу және емдеу Жараны және терісі сыдырылған жерлерді қалай дұрыс өңдеу керек?

Жараны бастапқы өңдеу жазылу процесінің қаншалықты тегіс және жылдам жүретіндігінде үлкен рөл атқарады. Ол үшін антисептикалық құралдардың – фурацилиннің, калий марганец қыщқылының, хлоргексидиннің сулы ерітінділері қолданылады.

Антисептикалық ерітіндісін (мысалы, хлоргексидинді) жараға мол құяды, жараны жуады. Өрескел манипуляциясыз, сәл жанаса отырып, жеңіл қолжетімді, жараны  дәке тампонымен сулау керек. Кішігірім (капиллярлық) қан кету кезінде 3% сутегі асқын тотығын қолданған жөн, ол тазарту қасиеттерінен басқа қан тоқтататын әсерге ие. Егер қан кету тоқтаған болса, асқын тотығын қолданудан бас тартқан дұрыс.

Антисептиктермен алғашқы өңдеу жараны механикалық ластаушы заттардан — жер кесектерінен, бояу кесектерінен, жоңқалардан, шаңнан тазартуға да, сол сияқты оның бетінен ауру тудыратын микроағзаларды жууға да мүмкіндік береді. Егер механикалық ластанудың қалдықтары жойылса, жараның айналасындағы теріні йодтың спирттік ерітіндісімен (аллергия болмаған кезде) немесе жасыл дәрінің ерітіндісімен өңдейді, содан кейін жараға бактерияға қарсы жақпамай жағылады.

Терісі сыдырылған жерді де зарарсыздандыру және  бактерияға қарсы жақпамай жағу керек.

Инфекция жұқтыру қаупі жоғары тұрмыстық жаралар мен терісі сыдырылған жерлерді емдеудің міндетті шарты – жергілікті бактерияға қарсы терапия.

Жаралар мен терісі сыдырылған жерлер кезінде Сульфаргин® қалай жұмыс істейді?

Сульфаргин® құрамында жарада екі микробқа қарсы компонентке ауыстырылатын күміс сульфадиазині бар: күміс иондары мен сульфадиазин. Олар бірігіп қуатты микробқа әсерді қамтамасыз етеді.

Күміс иондары микробтарға үш түрлі әсер ете алады:

  • Бактериялардың көбеюін тоқтатады
  • Бактериялық жасушаға О2 жеткізілуін тоқтатады
  • Микроағзаның жасушалық қабыршағын бұзады

Жаралар мен терісі сыдырылған жерлерді емдеу кезінде бұл нені білдіреді?

  • Жарадағы инфекция басылады
  • Жазылу тездетіледі
  • Таңғыш жеңіл және аурусыз алынады
  • 1 жастан бастап балаларда қолдануға болады

Сульфаргинді® қалай қолдану керек?

1

Зақымданған теріні мұқият жуыңыз және тазартыңыз

2

Бетін антисептик ерітіндісімен өңдеңіз

3

Жараға жұқа қабатпен (2–4 мм) Сульфаргин® жақпамайын жағыңыз

4

Жақпамайдың үстіне стерильді таңғышты таңып қойыңыз

5

5. Таңғышты күніне 1–2 рет ауыстырыңыз

ҚОЛДАНАР АЛДЫНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОЛДАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚПЕН ТАНЫСЫҢЫЗ. ӨЗІН-ӨЗІ ЕМДЕУ СІЗДІҢ ДЕНСАУЛЫҒЫҢЫЗҒА ЗИЯН КЕЛТІРУІ МҮМКІН