Сәбидің дүниеге келуімен көптеген ата-аналар өздерінің өмір сүру салтын түбегейлі өзгертеді. Әрине, сәби үшін қоршаған орта қандай қызықты екенін көз алдыңызға елестетіп көріңізші! Күн сайын жаңа, қызықты, жарқын, түрлі-түсті, керемет қызық нәрселер! Барлығын қолымен ұстап, сезінгісі және дәмін татып көргісі келеді. Бірақ, өкінішке орай, бұл қызығушылық көбінесе жағымсыз салдарларға алып келеді.
Көз де көз
Сіз нәрестенің артынан қанша қарасаңыз да, ерте ме, кеш пе, ол бәрібір бір жерден күтпеген оқиғаны табады. Бұл сіздің сүйікті ерін далабыңызбен боялған ас үй дастарханы сияқты ұсақ-түйек болуы мүмкін, немесе одан да ауыр оқиғалар болуы мүмкін…
Сіздің сәбиіңіз жаңа ғана күшікпен ойнап жүрген сияқты еді, кенеттен сіз оның ащы жылағанын естисіз! Қай ананың жүрегі дір ете қалмайды?
Міне, сіз оның қасындасыз, және бес минут бұрын кастрюльді алып тастаған ыстық оттыққа баланың қолы тиіп кеткендіктен пайда болған кішкентай алақандағы қатты күйікті көресіз.
Дүрбелеңсіз
Ешбір жағдайда балаңызға қорқатындығыңызды көрсетпеңіз. Бала сіздің толқуыңызды сезінеді, және одан да қорқынышты бола түседі. Сабырлы болу және тез әрекет ету маңызды.
Балаға болған оқиға үшін ұрыспаңыз, оған уақыт жұмсамаңыз. Мұнда әр секунд маңызды.
Күйіктер зақымдану ошағында қатты ауырсынуымен бірге жүреді. Күйік бетін дереу салқындатыңыз, бұл тіндердің қызып кету ұзақтығын қысқартады және жылу факторының тереңірек жатқан тіндерге әсер етуіне жол бермейді. Салқындату, ісінуді азайта отырып, ауырсынуды ішінара жеңілдетеді.
Баланы жылы сөздермен және батылдығы үшін мадақтаумен көтермелеуді де ұмытпаңыз.
Күйік жараларын қандай да бір халықтық емдеу әдістерімен өңдеуге болмайтынын есіңізде сақтаңыз, өйткені, олардың әсерін әбден анық білмей, сіз өзіңіздің сәбиіңізге орны толмас зиын келтіруіңіз мүмкін!
Мертіктірмеу! Емдеу!
Күйік бетін салқындатқаннан кейін, балаңызды таңғышты қолдануға ыңғайлы болатындай етіп, оған таныс жерге орналастырыңыз.
Қажет болса, жараны таза немесе тазартылған суға малынған стерильді тампонмен жуыңыз. Осыдан кейін жараға әрекет етудің кең спектрлі бактерияға қарсы құралын, мысалы күміс иондары бар Сульфаргин жақпамайын жұқа етіп жағу керек, ол сонымен қатар саңырауқұлаққа қарсы және бактерицидтік әсерге ие, бұл күйік бетінде инфекциялық асқынулардың дамуына жол бермейді. Жақпамай жаққаннан кейін жараға стерильді таңғышты қолдану керек.
Қорықпаңыз, бұл манипуляция сіздің балаңызға максималды қорғаныс пен күтімді қамтамасыз етеді, өйткені ол зақымдалған теріге кірдің түсуіне жол бермейді, сонымен қатар мұндай таңғышты өзгерту кезінде мүлдем ауырмайды, өйткені ол жақпамайдың жеңіл құрылымына байланысты жараға жабыспайды. Сульфаргин жараны құрғатпай, күйік бетін үнемі ылғалды күйде ұстайды, бұл өз кезегінде оның тез жазылуына ықпал етеді. Бұл жақпамай әсерінің кең спектрінің арқасында біз іріңдеу мүмкіндігін жоққа шығарамыз.
Алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін, дереу дәрігерге барыңыз!
Назар аударыңыз! Алдын алу!
Балаларды осындай ауыр жарақаттан қалай қорғауға болады?
Ата-аналар балалардағы күйік ықтималдығын әрдайым есте ұстауы керек. Күнделікті тұрмыста өте мұқият болу керек, егер үйде кішкентай бала болса, оны қараусыз қалдыруға болмайды, судың температурасын алдын-ала өлшемей шомылдыруға, оның қызу дәрежесін тексермей жылыту жастықшасын қолдануға, қайнаған суы бар ыдыстарды, жылыту құралдарын балаларға қол жетімді жерлерде қалдыруға болмайды.
Балаларыңыздың қауіпсіздігі сіздердің қолдарыңызда екенін ұмытпаңыздар.