Күнге күю - күн сәулесінің, атап айтқанда күн спектрінің ультракүлгін бөлігінің теріге шамадан тыс әсерінен терінің зақымдануы. Бірінші кезекте UV-B типті қысқа толқынды сәулелер теріге травматикалық әсер етеді - олар күнге күюге тән симптоматиканы тудыра отырып, терінің жоғарғы қабаттарын: эпидермисті және дерманы зақымдайды. Алайда, терінің терең қабаттарына ұзын толқын арқылы енетін UV-A сәулелерінің теріс әсерін де ұмытпау керек - олардың әсері терең зақымдануды және бірқатар асқынулардың дамуын тудырады.
Күннің сәулеленуіне сезімталдық дәрежесі әртүрлі адамдарда әртүрлі екені, және терінің типіне тікелей байланысты екені белгілі. Ашық терісі бар адамдар күнге күюге көбірек бейім, ал табиғатынан қараторы теріні иеленушілер күн сәулесінің әсерін эпидермистегі меланиннің жоғары деңгейінің арқасында айтарлықтай жеңіл көтереді. Меланин – теріге қоңырқай реңк беретін және ультракүлгін сәулеленуден табиғи қорғаныс болып табылатын пигмент.
Күнге күю қалай көрінеді?
Күнге күюге қарқындылығы мен ауырлығы терінің зақымдану дәрежесіне тікелей байланысты белгілі бір клиникалық көріністер тән. Ең бірінші белгілеріңің бірі – күннің астында болғаннан кейін терінің қызаруы, ол жанасу, күйдіру және қышу кезінде ауырсынумен бірге жүреді. Терінің зақымдалған аймақтары жанасқанда ыстық болады. Күн теріге неғұрлым қарқынды әсер етсе, зардап шеккен аймақтардың ісінуі, онда серозды сұйықтыықпен толтырылған көпіршіктердің немесе құрғақ қыртыстардың пайда болуы мүмкін.
Қатты күнге күю кезінде жергілікті құбылыстар тән жалпы симптоматикамен бірге жүреді: құсуға дейінгі жүрек айнуы, жалпы әлсіздік, немесе қатты күйіп қалуымен жергілікті құбылыстар тән жалпы белгілермен бірге жүреді: құсуға дейінгі жүрек айнуы, жалпы науқастық, әлсіздік, бас ауруы, дене температурасының жоғарылауы.
Күнге күюдің асқынулары
Жеңіл дәрежедегі күнге күю көпшілік жағдайларда ізсіз өтеді. Асқынулар орта және ауыр дәрежедегі күнге күю кезіндегі терінің терең зақымдануы кезінде, оларды дұрыс емдемеген кезде пайда болады. Асқынуларға жарылған көпіршіктердің орнында пайда болатын ұзақ уақыт емделмейтін эрозиялар мен жаралар жатады, олар уақыт өте келе тыртықтанады, кератоздар, гипер- және гипопигментациялар пайда болады. Күнге күюден болған асқынуларға бірқатар жағдайларда қатерлі ісікке айналатын терінің бетіндегі пигментті дақтар да жатады. Одан басқа, күнге күюден болатын асқынулары көпіршіктердің тұтастығы бұзылған кездегі және оған инфекциялар түскен кездегі іріңді зақымданулар болып табылады.
Күнге күю: үй жағдайларында емдеу
Күнге күюді емдеуге арналған емдеу шараларының кешенін шартты түрде күйік көріністерін мүмкіндігінше тез жоюға, теріні қалпына келтіруге және асқынулардың дамуын болдырмауға бағытталған шұғыл шаралар мен емдеу шараларына бөлуге болады.
Күнге күю кезіндегі шұғыл көмек
Кез келген күйік — теріге жылу немесе сәулелік энергияның шамадан тыс әсер етуінің салдары. Күнге күю – ерекшелік емес. Сондықтан біріншіден, істелетін нәрсе – теріден артық жылуды шығару. Бұл үшін салқын ванна немесе душ қабылдау керек. Салқын су терінің зақымданған аймақтарындағы температураны төмендетуге, ауырсынуды басуға көмектеседі. Сонымен қатар, теріге ылғалдандырушы крем, сүт немесе түймедақ сығындысы бар денеге арналған гель, алоэ, декспантенол немесе гиалурон қышқылы қосылған жеңіл крем жағу ұсынылады. Бұл ретте құралдың құрамында спирттің болмауы маңызды — бұл тек терінің қосымша күйік шалуын, оның құрғауын және қабыршақтануын тудырады, теріде пигменттік дақтардың пайда болуының себебі болуы мүмкін. Алғашқы көмек ретінде ашытылған сүт өнімдері танымалдыққа ие болады: қаймақ, сарысу, айран, олар күйген аймақтарға жағылады. Оларды қолдану негізді: мұндай өнімдер терінің қоректендіреді және ылғалдандырады, күнге күю кезіндегі терінің ауырсынуын және ісінуін тез басады. Сондай-ақ үгітілген шикі картоп маскасы да жақсы әсер береді – ол салқындатушы және қабынуға қарсы әсер береді.
Күнге күю кезіндегі емдеу шаралары
Қарқынды ауырсыну кезінде стероидты емес қабынуға қарсы препарат - ацетилсалицил қышқылының немесе ибупрофен таблеткаларын қабылдауға болады. — мысалы, ацетилсалицил қышқылы немесе ибупрофен. Бұл екі жақты әсер ету шарасы: мұндай препараттар ауырсынуды жеңілдетеді, сонымен қатар олар қабынуға қарсы әсерге ие, терінің зақымдалған аймақтарындағы қабыну процесін жеңілдетеді. Егер қатты қышу, күйген жерлердің қызуы мазаласа, антигистаминдерді қабылдау ұсынылады.
Сонымен қатар, күнге күю кезінде үй жағдайларында емдеу дұрыс тамақтануды білдіреді: көп сұйықтық ішу, ақуыз өнімдерін жеу маңызды. Сұйықтықтың жеткілікті мөлшері оның бүкіл денеде, соның ішінде теріде (күйген тері сусызданады) тапшылығын толтыруға көмектеседі, ал ақуыз өнімдері тіндердің қалпына келуін тездету үшін қажет.
Егер теріде көпіршіктер пайда болса, оларды тесуге болмайды — бұл жаралардың инфекция жұқтыруына, олардың іріңдеуіне әкелуі мүмкін. Кейіннен терінің іріңді қабынуының аймақтары тыртықтың пайда болуымен жазылуы мүмкін. Көпіршіктің өздігінен жарылуы кезінде оған бактерияға қарсы жақпамай жағып, терінің инфекциясын болдырмау үшін аймақты стерильді таңғышпен жабу керек.
Бәлкім, тұтастығы бұзылған күйген тері аймақтарын емдеудің ең қарапайым және әмбебап әдісі келесілерді ретті пайдалану болып табылады:
- күніне 2 рет тазалау ретінде кез келген антисептикалық ерітіндіні (мысалы, хлоргексидинді)
- одан әрі, күміс иондары бар Сульфаргин® жақпамайын таңғышпен жаппай күніне 2 рет 2-3 мм қабатпен жағу. Препараттың белсенді компоненттері бактерицидтік әсер береді, соның арқасында қабыну процесі қысқа мерзімде тоқтайды, сонымен қатар тіндердің қалпына келуін және күйген аймақтың жазылуын тездетеді1,2,3. Жақпамай майлы емес, жеңіл құрылымы бар, терінің бетінде пленка түзеді.
Бет күнге күйген кезде егер терінің зақымдануы терең болмаса ғана үй жағдайларында емдеуге болады. Бет терісінде көпіршіктердің пайда болуымен қатар жүретін қарқынды күнге күю дәрігердің консультациясын қажет етеді: оларды дұрыс емдемеу бетте пигментті дақтар мен тыртықтардың пайда болуына әкеп соқтырады.
Күнге күю кезінде не жасауға болмайды?
Күнге күю кезіндегі дұрыс емес әрекеттер ыңғайсыздықты айтарлықтай күшейтіп, асқынуларға әкелуі мүмкін. Күнге күю кезінде жасауға болмайды:
- терінің күйген аймақтарына құрамында спирт бар лосьондарды, майларды және майлы жақпамайларды. Спирт теріні тітіркендіреді және оны кептіреді, ал май зақымданған аймақтан жылудың шығуына кедергі келтіреді;
- терінің зардап шеккен аймақтарын өрескел механикалық әсерге ұшыратуға - күйген жерлерді тырнауға, скрабпен немесе қатты шүберекпен жууға болмайды, күйік жазылғанға дейін жарақаттайтын фурнитурасы, жиектері мен тігістері бар өрескел матадан жасалған киімдер қарсы көрсетілген;
- көпіршіктерді тесу;
- тері бетінен беткі қабыршақты пленканы алып тастау;
- күйген аймақтарды кір сабынмен жуу — жуғыш зат зақымдалған теріге қосымша зақым келтірмеу үшін мүмкіндігінше ұқыпты болуы керек.
Әрине, күнге күюді болдырмау емдеуге қарағанда әлдеқайда оңай. Күн сәулесі түспес бұрын теріңізге күннен қорғайтын крем жағып, оны шомылғаннан кейін немесе кем дегенде 4 сағат сайын 1 рет жаңартып отыру керек, сонымен қатар күннен қорғайтын көзілдірік пен қалпақ туралы ұмытпау қажет. Сонымен қатар, күннің шарықтау шегінде болатын кезеңді болдырмай, таңертең және кешке күн сәулесінің уақытын шектеу ұсынылады. Алайда, егер алдын-алу шаралары жеткіліксіз болса, сіз дереу алғашқы медициналық көмек пен күнше күюді емдеу шараларын қабылдауыңыз керек - бұл ауырсыну мен қабынуды жоюға және асқынуларды болдырмауға көмектеседі.
1. Алексеев А.А. Журнал «Комбустиология» №44, 2011;
2. Применение серебросодержащих мазей для лечения ожоговых ран. Учебно-методическое пособие РМАПО ФГУ «Институт хирургии им. А.В. Вишневского», 2011 ISBN 978-5-7249-1603-5;
3. Атясов И.Н. Журнал «Хирургия» №5, 2011