Жарақаттар: үй жағдайларында емдеу 

Жараны бастапқы өңдеу жазылу процесінің қаншалықты тегіс және жылдам өтетіндігінде үлкен рөл атқарады. Ол үшін антисептикалық құралдардың сулы ерітінділері қолданылады – фурацилиннің, марганецқышқылды калийдің,  хлоргексидиннің. Терең және күрделі жаралар кезінде маманға жүгіну керек. Кішігірім жарақаттар антисептикалық құралдардың – мысалы фурацилиннің сулы ерітіндісімен өңделеді. Антисептикалық ерітіндіні көп етіп құйып, жараны жуады. Өрескел манипуляциясыз, жай ғана тигізе отырып, жеңіл дәке тампонымен жууға рұқсат етіледі. Созылмалы үлкен емес капиллярлық қан кету кезінде 3% сутегінің асқын тоқтығын қолдануға болады, ол тазалайтын қасиеттерінен басқа, қан тоқтататын қасиетті иеленеді. Егер қан кету тоқтаса, оттегінің асқын тотығын қолдануды тоқтату керек.   

Антисептиктермен бастапқы өңдеу жараны механикалық ластанулардан – топырақ қалдықтарынан, бояу кесектерінен, жаңқалардан, шаңнан және т.б тазалауға да, сол сияқты оның бетінен ауру тудыратын микроағзаларды да жууға мүмкіндік береді. Егер жуғаннан кейін жарада әлі де жаңқалар, шыны сынықтары қалса – оларды қолда бар заттардың көмегімен алуға тырыспау керек, бұл тек жағдайды қиындатуы мүмкін. Оларды алу үшін дәрігерге жүгіну керек. Егер механикалық ластанулар алынған болса, жараның айналасындағы тері йодтың спирттік ерітіндісімен (аллергия болмаған кезде) және жасыл дәрімен өңделеді, содан кейін жараға бактерияға қарсы жақпамай, мысалы,  Сульфаргин®, ашық тәсілмен күніне 2 рет немесе күніне 1 рет таңғыштың астына 2-4 мм қабатпен жағылады. Жақпамайдың белсенді компоненттері препараттың құрамындағы күміс иондарының есебінен айқын микробқа қарсы әсер көрсетеді, қабыну процесінің тоқтауына ықпал етеді және регенрацияны және тіндердің жазылуын тездетеді. Сульфаргин® таңғыштың астында қалыпты-ылғалды жағдайда ұстайды, бұл таңу кезінде ауырсынуды айтарлықтай төмендетеді.   

Үй жағдайында жыртылған жараларды емдеу хирург жараны алғашқы хирургиялық емдеуден кейін ғана жүргізілетін болады, хирургиялық өңдеу барысында жергілікті ауырсынуды басу арқылы жараның өміршең емес жиектері кесіледі – жыртылған жара кесілген жараға айналады, содан кейін оның жиектері тігіс салу арқылы жақындатылады.  Дәрігердің келісімі бойынша одан әрі емдеу үйде жүргізілуі мүмкін. Тігіс салу тігіссіз ұзақ уақыт емделіп, өрескел тыртықтар пайда болатын үлкен, үңірейген жаралар үшін де қажет. Сонымен қатар, егер жараны алғашқы емдеу кезінде қан кетуді тоқтату, ластаушы заттарды, жаңқаларды, шыны немесе металл сынықтарын алып тастау мүмкін болмаса, хирургтың көмегінсіз жасау мүмкін емес.   

Тістелген жараларды емдеу. Жануарлардың тістеулері кезінде, сонымен қатар топырақпен ластанған жаралар кезінде міндетті түрде дәрігердің көмегі қажет – бірінші жағдайда пациентке құтыруға қарсы вакцина, ал екінші жағдайда – сіреспеге қарсы сарысу егу қажет болады.    

Суланғыш жараны емдеу. Кейбір жағдайларда жарамын бетінен серозды-фиброзды экссудат мол бөлінеді. Бұл негізінен – бұл жараны қосымша тазалауға бағытталған  физиологиялық реакция. Егер еселеніп бөлінген кезде жараны емдеуді тағайындайтын маманға көрсету қажет, өйткені жараның бетіне жағылатын препараттар экссудатпен майланатын болады. Содан кейін, экссудаттың бөліну процесі тоқтағаннан кейін, антисептикалық компоненттері бар жақпамай жағуға болады, мысалы  Сульфаргин® жақпамайы. Натрий хлоридінің гипертониялық ерітіндісі бар таңғыштар экссудат мөлшерін азайтуға көмектеседі  және жараның тазалануын тездетеді.   

Іріңді жараны емдеу айтарлықтай күрделі: іріңдеу процесін тоқтатып қана қоймай, сонымен бірге оның көршілес, сау тіндерге таралуына жол бермеу де маңызды. Терең іріңді жараны емдеу кезінде дәрігердің бақылауы қажет, ол қажет болған жағдайда жараны іріңді-некротикалық массалардан тазартады және дұрыс емдеу шараларын тағайындайды. Беткі жаралар кезінде, антисептиктердің ерітінділерімен пайда болған іріңді массалар жойылады, ол үшін хлоргексидин, фурацилин сияқты ерітінділер қолданылады. Содан кейін жараның бетіне бактерияға қарсы препараттар, мысалы,  Сульфаргин® жақпамайы жағылады. Оның белсенді компоненттері қабыну процесін тоқтата отырып және зақымданған тіндердің қалпына келуін тездете отырып, микробқа қарсы әсер береді. Жақпамай 2-4 мм қабатпен тікелей жараға жағылады, жақпамайдың үстіне жараны қосымша инфекция жұқтырудан қорғайтын стерильді таңғыш салынады.  Сульфаргин® жақпамайы ұзақ бактерияға қарсы әсер көрсетеді, себебі күміс молекулаларын біртіндеп шығарады. Жараны өңдеудің және таңғышты ауыстырудың ұсынылатын жиілігі – күніне 1 рет. Антисептикалық әсерден басқа, бұл құрал теріні ұқыпты жұмсартады, тітіркену және аллергия тудырмайды, жағудың ашық тәсілі кезінде жараны жұмсақ кептіреді, және таңғыштың астына жаққан кезде қалыпты ылғалданған ортаны құрайды, бұл таңу кезінде ауырсынуды төмендетуге мүмкіндік береді. 

Дәрігерге қашан жүгіну керек? 

  1. Жарадан қан кетуді тоқтату мүмкін болмаған кезде, әсіресе егер ол қарқынды болса және үлкен тамырдың зақымдалуына күдік болса: көктамыр немесе артерия. Сізге тамырды тігу немесе оны жарада таңу қажет болуы мүмкін, оны үйде жасау мүмкін емес; 
  1. Егер жарада әйнек сынықтары, жаңқалар, металл бөліктері қалса, жараны ластанудан тазарту мүмкін болмаған кезде; 
  1. Егер жараның тегіс емес, мылжаланған, жыртылған жиектері болса - яғни тістелген, сыдырылған, жыртылған, көгерген жаралар кезінде. Бұл жағдайда жараның өміршең емес жиектерін кесу қажет болады; 
  1. Егер жара кең болса, үңірейіп тұрса - тігіссіз ол ұзақ уақыт емделіп, өрескел тыртық пайда болады; 
  1. Егер жара жануардың тістеуінен пайда болса - құтыруға қарсы вакцина егу қажет болуы мүмкін; 
  1. Егер жара топырақпен ластанған болса – сіреспеге қарсы сарысуды енгізу қажет болады; 
  1. Егер жара тот басқан металл затпен жасалса - мұндай жаралар сепсиспен (қанның улануы) қауіпті;   
  1. Егер жараның іріңдеуі дамыған болса - жергілікті және жалпы антибиотикалық терапияны тағайындау үшін; 
  1. Науқастың жалпы жағдайы нашарлаған кезде: температураның жоғарылауы, қалтырау, жүрек айнуы, бұл сонымен қатар іріңді процестің дамуын көрсетеді. 
ҚОЛДАНАР АЛДЫНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОЛДАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚПЕН ТАНЫСЫҢЫЗ. ӨЗІН-ӨЗІ ЕМДЕУ СІЗДІҢ ДЕНСАУЛЫҒЫҢЫЗҒА ЗИЯН КЕЛТІРУІ МҮМКІН