Үй жағдайында күйіктерді емдеу

Күйік деп термиялық, химиялық, электрлік немесе сәулелік энергияның әсерінен пайда болатын дене тіндерінің ерекше зақымдануын айтады. Осылайша, күйіктің тікелей себебі  ыстық заттар,  сұйықтықтар, бу, от жалыны да,сол сияқты қышқылдар, сілтілер, кейбір өсімдіктер (балдырған), күн сәулелері, электр тогы да болуы мүмкін. Күйіктің ауырлық деңгейі  терінің зақымдану тереңдігіне байланысты. Үй жағдайында  I-II дәрежелі күйіктерді емдеуге болады, яғни терінің зақымдануы үстірт және патологиялық процеске тері астындағы тіндер қатыспайтын күйіктер. I-II дәрежелі күйіктер ауырсынумен, қызарумен, терінің ісінуімен, мөлдір сұйықтықпен толтырылған күлбіреулержің пайда болуымен көрінеді.

Сонымен қатар, терінің зақымдану аймағы үй жағдайларында күйік жараларын емдеу туралы шешім қабылдауда маңызды рөл атқарады: тіпті дене бетінің үштен бір бөлігін немесе жартысын алып жатқан I дәрежелі беткі күйік  ауруының даму ықтималдығына байланысты тек стационарлық жағдайда емдеуді қажет етеді.

Күйік ауруы - бұл бүкіл денеге әсер ететін терең және/немесе кең күйіктердің салдарынан дамитын патологиялық жағдай, нәтижесінде бүкіл ағза зардап шегеді - орталық жүйке жүйесінің функциялары, зат алмасу, жүрек-қан тамырлары, тыныс алу, несеп-жыныс, қан түзу жүйелері, бауыр қызметі және т. б. бұзылады.

Үйжағдайында дене бетінің 1%-дан аспайтын күйіктерді емдеуге болады (бұл зардап шеккен адамның алақанына сәйкес келеді). Маңызды фактор – зардап шегушінің жалпы жай-күйі: үй жағдайында күйіктерді емдеу жалпы жағдайы қанағаттанарлық болған жағдайда ғана,  яғни, температураның жоғарылауы болмаған,  өмірлік маңызды органдардың бұзылуы  жоқ, зардап шегуші есін жоғалтпаған кезде ғана жүргізілуі тиіс. Және соңғысы: үй жағдайында күйіктерді емдеу күйдірілген бетке мұқият күтімді қажет ететінін түсіну маңызды, сәйкесінше, пәтерде тиісті санитарлық жағдай жасалуы керек. Ауыз қуысының, мұрынның немесе көздің шырышты қабығының зақымдану ықтималдылығы бар беттің күйіп қалуы, сондай-ақ емдеу процесінде тыртықтардың пайда болуын болдырмау үшін дәрігердің кеңесін қажет етеді. Мұндай күйіктерді, егер жағдай мүмкіндік берсе (I-II ауырлық дәрежесі), үй жағдайында да емдеуге болады.

Күйіктерді емдеу жөніндегі негізгі шаралар

Үй жағдайында күйіктерді емдеу кезінде келесі іс-қимыл жоспарын ұстану маңызды:

  • зақымдаушы фактордың әсерін тоқтату;
  • күйікті жергілікті емдеу шараларын қолдану;
  • ағзаға жалпы терапиялық әсер ету шараларын қолдану (қажет болса).

Іс-қимыл жоспарының әр кезеңі туралы толығырақ:

Зақымдаушы фактордың әсерін тоқтату

Егер термиялық күйік туралы сөз болса, ағзаға жылу энергиясының одан әрі әсерін болдырмау керек. Жанып жатқан киімді сөндіру керек - ауа ағынын тоқтату үшін оны тастау немесе шүберекпен жабу,  немесе су құю, немесе үстіне топырақ, құм немесе қар тастау. Зардап шегушіні жылу көзінен алысқа алып кету керек. Егер киім еріген болса, ыстық сұйықтық немесе балқытылған металл сіңген  болса, оны мұқият шешіп алу керек (қажет болған жағдайда кесу). Жабысып қалған киімді күйдірілген беттен жұлып алуға болмайды, оны жараның айналасынан кесіп тастаған дұрыс.

Күйген жерді салқындату керек - оны 10-20 минутқа суық су құйылған ыдысқа орналастыру,  қосымша жарақаттануды болдырма үшін, краннан суық ағынды су ағынының астына қою керек – ағын зақымдалған жерге соқпауы керек. Мұзды немесе қарды салқындату үшін қолдануға болмайды — бұл терінің үсіп қалуына әкелуі және зақымдалған аймағын қосымша жарақаттауы мүмкін. Мұзды салқындату үшін су ыдысына қосуға немесе сүлгімен орауға болады — бұл жағдайда күйікті үсіп қалумен  толықтыру қаупі болмайды.

Егер күйік көзі күн сәулесі болса, зардап шеккен адамды дереу көлеңкеге немесе салқын бөлмеге ауыстыру керек, теріні салқындату үшін салқын (суық емес!) душ немесе салқын ванна ұсынылады.

Химиялық күйік кезінде күйік орнын таза ағынды сумен мұқият жуу керек. Егер күйік күкірт қышқылымен немесе сөндірілмеген әкпен алынса, суды қолдануға болмайды - затты мүмкіндігінше тез құрғақ жұмсақ шүберекпен алып тастау керек. Қышқылдарды бейтараптандыру үшін сода, ал сілтілерді бейтараптандыру үшін сірке суын немесе басқа қышқылдарды қолдануға болмайды.  Бұл жағдайда химиялық күйікті одан әрі емдеу стационар жағдайында жүргізілуі керек.

Электр тоғымен күйген кезде бірінші кезекте  электр тоғының ағзаға әсерін тоқтату маңызды. Электрдің әсерінен күйіп қалу электр жарақатымен бірге жүретінін түсіну маңызды, зардап шеккен адамға шұғыл медициналық көмек қажет.

Күйікті жергілікті емдеу

Үй жағдайында терінің күйіп қалуын жергілікті емдеу ауырсынуды жоюға, қабынуды жеңілдетуге, күйік жарасының іріңді асқынуларының алдын алуға және терінің регенерациясын ынталандыруға бағытталған шаралар кешенін қамтиды.

Бірінші дәрежелі күйіктер үшін, әдетте, күйген жерді қосымша зақымданудан (мысалы, киіммен) қорғайтын стерильді таңғышпен жасау жеткілікті. Профилактикалық мақсатта бактерияға қарсы әсері бар жақпамай қолдануға болады, мысалы, күміс иондары бар «Сульфаргин®».

Екінші дәрежелі күйіктер күлбіреулердің пайда болуымен бірге жүреді, оларды өздігінен ашуға болмайды: бұл күйік жарасының инфекция жұқтыруының тікелей жолы. Әрине, үлкен күлбіреудің  тұтастығын сақтау мүмкін емес, өйткені уақыт өте келе ол өздігінен жарылып кетеді, бірақ ол неғұрлым ұзақ болса, соғұрлым жақсы болады. Стерильді таңғыш көпіршіктерді зақымданудан қорғауға көмектеседі. Егер көпіршіктің тұтастығы бұзылса, жараны антисептикалық ерітіндімен үнемі, күніне 1-2 рет тазалап отыру керек, ең қолжетімді және тітіркену мен ыңғайсыздықты тудырмайтын құрал -  хлоргексидиннің сулы ерітіндісі, содан кейін бактерияға қарсы әсері бар жақпамай, мысалы, Сульфаргин®жағу керек. Оның белсенді компоненттері күйік жарасының бетіндегі бактерияларды жояды, қабынуды жеңілдетеді және осылайша зақымдалған тіндердің қалпына келуін тездетеді 1,2,3. Сульфаргин® жақпамайының құрылымы жеңіл, жараның алдын-ала тазартылған бетіне күніне 1 рет таңғышпен немесе күніне 2 рет ашық түрде жағылады. Препарат «А.В. Вишневский атындағы хирургия институты» РКБМА ФММ-де, сонымен қатар «Мәскеу Педиатрия және балалар хирургиясы ҒЗИ» ФМБМ-де  зерттелді  және ересектер мен 1 жастан асқан балаларда жоғары қауіпсіздік профилі бар күйіктерді емдеудің тиімді құралы ретінде ұсынылады.

Сонымен қатар, дәрігермен келісе отырып, Е дәрумені немесе  шырғанақ майының майлы ерітіндісін жергілікті қолдануға болады, бірақ жарақаттан кейінгі бірінші күні емес, өйткені май қабаты күйік орнынан жылудың кетуіне жол бермейді.

Жалпы іс-шаралар

Зардап шегушіні мол сусынмен қамтамасыз ету маңызды: шай, жеміс сусыны немесе компот, газсыз минералды су, қарапайым ауыз су. Ересек адамға арналған сұйықтық мөлшері күніне екі литрге жуық болуы керек. Зардап шеккен адамның тамақтануы калориялы болуы керек, тіндерді қалпына келтіруге қажетті ақуыздар мен дәрумендер басым болуы керек.

Қатты ауырсыну кезінде ауырсыну синдромын жеңілдетуге арналған шаралар қабылдау қажет. Ол үшін қосарланған әсер ететін стероидты емес қабынуға қарсы препараттарды (ҚҚСП) қабылдау ұсынылады: ауырсынуды басудан басқа, олар күйік бетінің қабынуын да жояды. Ең қол жетімдінің бірі - ибупрофен. Мұндай препараттарды қолданар алдында олардың төзімділігін, асқазан мен ішек тарапынан белсенді аурулардың және/немесе симптомдардың болмауын нақтылау қажет.

Дәрігерге қашан бару керек:

  • I-II дәрежелі кең күйіктерде (ересектерде дене бетінің 10%-дан астамын немесе балаларда 5%  алатын);
  • ересек адамның дене бетінің 5%-дан астамын немесе бала денесінің 2,5%-дан астамын алатын терең күйіктер кезінде;
  • тері астындағы тіндер зақымданған III, IV дәрежелі кез келген көлемдегі күйіктер;
  • ұзақ уақыт емдеп жазылмаған күйіктер кезінде;
  • қан тамырлары патологиясы немесе қант диабеті бар науқастарда күйік кезінде;
  • үш жасқа дейінгі балаларда кез келген аумақ пен тереңдіктегі күйіктер кезінде;
  • беттің, көздің шырышты қабығының, тыныс алу жолдарының, асқазан-ішек жолдарының күйіктері кезінде.

Күйіктерді емдеу кезінде не істеуге болмайды

Үй жағдайында күйіктерді емдеу кезінде жасауға болмайды:

  • күлбіреулерді ашуға;
  • күйген жерді спиртпен өңдеу - бұл терінің одан да көп зақымдалуына әкеледі;
  • химиялық күйіктерді бейтараптандыру үшін қышқылдарды немесе соданы қолдануға;
  • бірінші күні күйік орнына май мен майлы жақпамай жағуға;
  • күйген жерді жуу үшін зәрді қолдануға;
  • дәрілік өсімдіктердің жапырақтарын күйік жарасына таңуға;
  • жараны қолмен ұстауға;
  • күйген жерден жабысқан киімді жұлып алуға (киімді шетінен кесіп, маманға көрінген дұрыс);
  • күйік орнына пластырь жабыстыруға, таңу үшін мақтаны қолдануға;
  • күйік бетін мұзбен немесе қармен салқындатуға – бұл үсіп қалумен қауіпті.

Күйіктер, тіпті көлемі жағынан кішкентай және терең емес болса да, ауыр жарақат болып табылады және мұқият емдеуді қажет етеді. Қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда, I-II дәрежелі кішкентай күйіктерді күйік бетінің инфекциясын болдырмау үшін сақтық шараларын қолдана отырып, үй жағдайында емдеуге болады.

1.Алексеев А.А. Журнал «Комбустиология» №44, 2011; 2.Применение серебросодержащих мазей для лечения ожоговых ран. Учебно-методическое пособие РМАПО ФГУ «Институт хирургии им. А.В. Вишневского», 2011 ISBN 978-5-7249-1603-5; 3.Атясов И.Н. Журнал «Хирургия» №5, 2011

ҚОЛДАНАР АЛДЫНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОЛДАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚПЕН ТАНЫСЫҢЫЗ. ӨЗІН-ӨЗІ ЕМДЕУ СІЗДІҢ ДЕНСАУЛЫҒЫҢЫЗҒА ЗИЯН КЕЛТІРУІ МҮМКІН