Табиғи қызығушылық пен энергияның шамадан тыс артық болуына байланысты балалар жиі жарақат алады. Өйткені, бала «сынақтар мен қателіктер» арқылы ол үшін ненің қауіпсіз, ненің жанға бататынын біледі. Бір жасар бала «ыстық» дегеннің не екенін әлі түсінбейді, сондықтан ерте ме, кеш пе ол анасының тыйымын бұзады және өміріндегі алғашқы күйіктерді алатын болады.
Үйде кез-келген нәрсемен күйік алуға болады: үтік, шәйнек, сорпасы бар кәстрөл, ыстық шай, ақаулы батарея, жылытқыш, пеш... Ананың назары балаға тәулігіне 24 сағат бойы бағытталуы мүмкін емес, сондықтан бір сәтте сізге ескертіп қана қоймай, баланың күйіктерін емдеуге де тура келеді.
Міне, осы жерде мәселе туындайды: көптеген аналар емдеуді ауыр және ұзақ процеске айналдыра отырып, баласына қалай дұрыс көмектесу керектігін білмейді. Бұған жол бермеу үшін 5 қарапайым ережені есте ұстаған жөн:
Абыржымаңыз. Ыстық затпен байланысын үзіп, күйдірілген дене бөлігін суық суға салыңыз. Егер бала қайнаған суға күйіп қалса - онда мата күйікті күшейтпес үшін, оны тез шешіндіру керек. Күйіктер терең болған жағдайда (3-4 дәреже) және мата оларға «жабысып» қалса, жедел жәрдем шақырыңыз. Мұнда дәрігердің көмегінсіз болмайды!
Күйікті қаймақпен немесе маймен майламаңыз. Май терінің салқындауына жол бермейді, және күйік ұзағырақ жазылатын болады. Сондай-ақ, спиртті, одеколонды және йод қосылған жасыл дәріні қолдануға болмайды – сіз тек баланың жағдайын қиындата түсесіз.
Егер күйік аймағы баланың алақанынан үлкен болса және көпіршіктер болса-дәрігер шақырыңыз. Үлкен күйік аймағы күрделі мәселе болуы мүмкін. Бұл беттің, жыныс мүшелерінің және шырышты қабаттардың күйіктеріне де қатысты (мысалы, егер нәресте тым ыстық сұйықтық ішкен болса).
Көпіршіктерді тесуге болмайды! Сіз жараға инфекция түсіруіңіз мүмкін және күйікті емдеу үлкен және ұзақ мәселеге айналады. Мұны балаға түсіндіріңіз, жақсырағы стерильді таңғышты қолданыңыз. Тек өте тығыз емес.
Күйікті дұрыс өңдеу керек: күміс иондары бар арнайы емдік жақпамаймен, мысалы, Сульфаргинмен. Препарат бір жастан асқан балаларда қолдануға рұқсат етілген және нәзік тері үшін мүлдем қауіпсіз. Келесідей әрекет ету керек: күйік беті суық суда шынымен салқындаған кезде, терідегі суды абайлап сүртіңіз және жақпамайды бүкіл бетке жұқа қабатпен жағыңыз. Енді зардап шеккен аймақ бактериялардан қорғалған және теріні қалпына келтіру тезірек жүреді. Кішкентай балалар үшін таңғыштың астына жақпа жағу мүмкіндігі бар. Бұл жағдайда таңғыш күйік толық жазылғанға дейін күніне екі рет өзгертіледі.
Есіңізде болсын, қазір нәрестенің денсаулығы ғана емес, оның болашақта ауыр жағдайларға реакциясы да сіздің әрекеттеріңізге байланысты. Сондықтан нәресте ауырған кезде де сабырлы және өз әрекеттеріңізге сенімді болу маңызды.