Жаралар мен терісі сыдырылған жерлер қалай жазылады

Күнделікті өмірде кесілген жерлер мен терісі сыдырылған жерлер жиі кездеседі. Бұл туралы ешкім алаңдай қоймайды және жараны емдеудің барлық ережелерін сақтай қоймайды. Және мүлдем бекер, өйткені мұндай немқұрайлылық асқынулар мен іріңдеулерге әкелуі мүмкін. Алғашқы медициналық көмек ережелерін білу және емдеу процесінде жара немесе терісі сыдырылған жерлермен не болуы мүмкін екенін түсіну өте маңызды.

Жаралар қалай жазылады

«Жара» ұғымының стандартты анықтамасы бар - бұл терінің немесе шырышты қабаттардың тұтастығын бұзылуы. Біздің денемізде жарақат алғаннан кейін бірден дерлік кез келген зақымдануды емдеу процесін іске қосатын бірегей механизм бар. Емдеу кезеңі әр түрлі уақытқа созылуы мүмкін, бәрі зақымдану тереңдігіне және емдеудің дұрыс тәсіліне байланысты.

Медицинада емдеу кезеңі үш кезеңге бөлінеді және жара процесі деп аталады.

Бірінші саты – бұл қабыну. Бұл кезең жарақат алғаннан кейін бірден басталады. Егер ешқандай асқынулар пайда болмаса - шамамен 5 күнге созылады. Бұл кезең тамырлардың тарылуы және кейіннен кеңеюі, қанның зақымдану аймағына шығуы және ісінуі сияқты тамырлы реакциялармен сипатталады.

Екінші саты – бұл тіндердің регенерациясы, орташа ұзақтығы шамамен 3 аптаны құрайды. Регенерация процесінде коллаген түзілуі және қан тамырларының жаңдан пайда болуы жүреді.

Үшінші саты – бұл эпителизация және тыртықтардың жазылуы. Жараның ауырлық дәрежесіне байланысты бірнеше аптадан бір жылға дейін созылуы мүмкін. Эпителизация процесі жараның жиектерінен басталады. Жарақат алған жерде тыртық пайда болады және серпімді талшықтар мен жаңа фиброзды тордың қалыптасуы орын алады.

Алғашқы көмек

Кез келген жараның негізгі ережесі – дереу жараны тазарту. Неғұрлым тез шаралар қолдансаңыз, ашық жараның инфекция жұқтыру қаупі соғұрлым төмен болады. Бөгде денелерді (егер бар болса) кетіру үшін жараны таза сумен жуу керек, содан кейін кез-келген антисептикпен зарарсыздандыру керек. Жараның шеттері де зарарсыздандыруды қажет ететініне көңіл бөліңіз.

Емдеуден кейін ластануды немесе одан да көп жарақаттануды болдырмау үшін жараны жабу керек. Әдетте, бұл үшін стерильді таңғыш немесе пластырь қолданылады. Егер зақымдану аймағы кішкентай болса, сіз таспалы таңғышты қолдана аласыз, бірақ айтарлықтай жарақат алған кезде сізге дәке шаршылары қажет болады, оларды бекіту керек.  Таңғыштың тығыз жанасатанын,  бірақ жараны тартып тастамайтынын бақылаңыз.

Алғашқы бірнеше күнде жарада сыздайтын ауырсыну және пульсация байқалуы мүмкін. Бұл қалыпты нұсқа, бірақ егер жағымсыз сезімдер үш күннен ұзаққа созылса немесе күшейсе - дәрігерге бару керек.

Тиімді емдеу

Жараны уақтылы тазалау - оның тез жазылу жолындағы алғашқы қадам. Алайда мұндай жарақатты емдеу үшін тағы біраз күш жұмсау керек. Ең алдымен таңғышты ауыстыру режімін сақтаңыз. Әдетте, күніне 1-2 рет жаңа таңғышты қолдану жеткілікті. Қолыңызды мұқият жуып, зарасыздандыру үшін антисептик қолдану керек екеніне назар аударыңыз. Таңғышты ауыстырған сайын жараны мұқият қарап алыңыз, егер сіз емделуге тән емес белгілерді байқасаңыз, қосымша кеңес алу үшін дәрігерге жүгінгеніңіз дұрыс.

Егер сіз қабыну белгілерін таппаған болсаңыз, жараларды емдеуге арналған құралды қолданып, жаңа таңғышты қолдану керек. Емдік препараттарға келетін болсақ, сіз оларды таңдауға аса мұқияттылықпен қарауыңыз керек. Хирургиялық тәжірибеде Сульфаргин сияқты күміс тұздарына негізделген заманауи препараттар жиі қолданылады. Оны емдеп жазатын препарат ретінде де, сол сияқты  дезинфекциялық құрал ретінде де бір уақытта қолдануға болады. Күміс иондары микробтардың барлық белгілі түрлерімен күреседі және тіндердің табиғи түрде қалпына келу процесін айтарлықтай жылдамдатады. Сонымен қатар, әмбебап препаратты қолдану әлдеқайда ыңғайлы және қажет болған жағдайда жараны тез тазалауға мүмкіндік береді. Күміс тұздары бар жақпамай баланың жараларын емдеу үшін өте қолайлы, өйткені ол теріні ашытпайды және тітіркендірмейді, сонымен қатар дерматиттің көріністерімен күреседі.

Жараны емдеу процесі сіздің қатаң бақылауыңызда немесе дәрігердің бақылауында өтуі тиіс. Бірақ бастысы - жарақаттанудың алдын алу туралы ұмытпау.

ҚОЛДАНАР АЛДЫНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОЛДАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚПЕН ТАНЫСЫҢЫЗ. ӨЗІН-ӨЗІ ЕМДЕУ СІЗДІҢ ДЕНСАУЛЫҒЫҢЫЗҒА ЗИЯН КЕЛТІРУІ МҮМКІН