Термиялық күйікті қалай емдеу керек 

Жоғары температураның әсерінен терінің және (кейде) астындағы тіндердің ерекше зақымдануы термиялық күйік деп аталады. Термиялық әсер ету көздері қатты денелер де, сұйықтықтар да, бу немесе газ да болуы мүмкін. Әдетте, артық жылу тасымалдаушымен байланыс оның көздерімен жұмыс істеу қауіпсіздігі нормаларын бұзу нәтижесінде немесе жазатайым оқиға салдарынан болады. Сондай-ақ, ішінара термиялық күйікке күнге күюді де жатқызуға болады. Олар өздері дененің жабындарына жойқын әсер ететін ультракүлгін сәулелердің де, сол сияқты күн сәулеленуінің термиялық энергиясының да теріге және шырышты қабаттарға аралас әсерінің салдарынан пайда болады.   

Ағзаға әсер еткен кезде жылу энергиясы бірінші кезекте тері жабынын (немесе шырышты қабықтарды) жарақаттайды. Егер термиялық әсердің қарқындылығы жоғары болса, онда жарақат терінің барлық қабаттарын ғана емес, сонымен қатар оның астында орналасқан тіндерді де қамтуы мүмкін. Тіндердің зақымдану тереңдігіне байланысты, клиникалық тәжірибеде күйіктің 4 дәрежесін бөліп көрсетеді, олардың әрқайсысының жеке симптомдары мен клиникалық ерекшеліктері бар, соларға байланысты емдеу бағдарламасы жасалады. Сондықтан термиялық күйіктер терапиясын қарастыруға көшудің алдында онымен танысу керек.   

Термиялық күйік дәрежелері және олардың клиникалық көріністері 

I дәрежелі күйік терінің беткі зақымдануына сәйкес келеді.  Ол жылудың әсер ету аймағында терінің қызаруы немесе ісінуі түрінде көрінеді. Күйік орны ауырады, зардап шегуші зақымданған теріне тиіп кеткен кезде күшейетін күйдіруге шағымданады. Біртіндеп ауырсыну синдромы қайтады, бірнеше күн өткеннен кейін терінің беткі қабаты қабыршықтанады және түседі, оның астынан дені сау тері айқындалады.   

ІІ дәрежелі күйік те сондай-ақ терінің беткі зақымдануына жатады. І дәрежелі күйіктен айырмашылығы, терінің күйген учаскесінің қызаруынан басқа, онда  бұлыңғыр сұйықтықпен толтырылған бір немесе бірнеше көпіршіктер пайда болады. Мұндай көпіршіктердің пайда болу механизмі айтарлықтай қарапайым: жылудың теріге барынша қарқынды әсер ететін жерінде терінің беткі қабаты қабыршақтанып, капиллярлардың қабырғалары арқылы қанның сұйық бөлігінің ылғалдануы жүреді. Егер мұндай көпіршік жарылатын болса, оның орнында суланғыш тері жарасы пайда болады. Егер 2 дәрежелі  термиялық күйік инфекция жұқтырудан қорғалған болса, мұндай зақымданулар ұшты-күйлі жоқ болады, тыртықтану инфекция қосылған және іріңдеумен қайталама қабыну дамыған жағдайда пайда болады.   

ІІІ дәрежелі күйік негізгі терінің өсінді қабаты қатысатыг терінің терең зақымдануын білдіреді. Терінің күйген аймағының жасушалары құрғақ немесе дымқыл некрозды қалыптастыра отырып жойылады. Некроз аймағының жанындағы тері қызарған немесе сарғыш болып келеді, онда көпіршіктер пайда болуы мүмкін. Күйіктің осы дәрежесі кезінде термиялық зақымдану терінің өсінді қабатын қамтитынын есепке ала отырып, тыртықсыз жазылуы мүмкін емес. Емдеу іс-шараларының көлемі күйіктің ауқымдылығына байланысты анықталады, ауданы жағынан үлкен күйіктерде теріні ауыстырып орналастыру қажеті етілуі мүмкін.   

IV дәрежелі күйік терінің көмірленуіне және жақын жатқан тіндердің – теріасты жасұнықтардың, бұлшықеттердің, сіңірлердің, буындар мен сүйектердің зақымдануына сәйкес келеді. Некротизделген тіндер, ыдырай отырып, ағзаның күшті интоксикациясының көзіне айналады, бұл зардап шегушінің қайтыс болуына алып келуі мүмкін. 

Термиялық күйік кезіндегі алғашқы көмек шаралары 

Біріншіден, не қолдану керек -  жәбірленушіге жылу әсерін тоқтату. Яғни, ашық жалынмен, ыстық заттармен, сұйықтықтармен немесе булармен жанасуды болдырмау. Одан басқа, дененің зардап шеккен аймағын киімнен, әшекей бұйымдардан босату керек – қыздырылған күйінде олар жылу әсерін көрсетуді жалғастырады. Егер киім терінің күйген аймағына жабысып қалса, оны жұлып алуға болмайды – матаның жабысып қалған аймағын қайшымен қиып алады.   

Алғашқы көмектің екінші маңызды шарасы -  артық жылуды зақымдану аймағынан мүмкіндігінше тезірек алып тастау. Физикалық деңгейде жылу энергиясы күйік кезінде барынша ыстық объектіден (жылу көзінен) ыстығы аз объектіге (теріге) беріледі. Және бұл жылу энергиясы жасушаларды бұзуды жалғастырады. Деструктивті процесті тоқтату үшін артық жылуды жою керек. Бұл үшін күйіп қалған аяқ-қолды суық су құйылған ыдысқа батыру керек немесе краннан аққан суық су ағынының астына қою керек. Егер іштің, арқаның, жамбастың терісі туралы сөз болса, оны суық суға малынған майлықпен жабу керек,  ол жылынған сайын өзгерту қажет. Күйген жерді салқындату, айтпақшы, ауырсынуды жеңілдетуге көмектеседі. Салқындату үшін суға мұз қосуға болады, бірақ күйген жерді мұзбен немесе мұздатқыштан бір уыс қармен сүртуге болмайды: мұз кристалдарының қырлары өте өткір және зақымдалған теріге қосымша зақымды жеңіл келтіреді.   

Сондай-ақ күйік орнын маймен, қаймақпен, майлы креммен майлауға болмайды. Тері бетіндегі май пленкасы артық жылуды кетіруге жол бермейді. Майлы ашытылған сүт өнімдері немесе кремдер 1 дәрежелі күйіктерден (соның ішінде күн сәулесінен) кейін теріні қалпына келтіруге жақсы — бірақ алғашқы медициналық көмек ретінде емес, терінің регенерация кезеңінде.  

Келесі қадам — таңу. Әдетте, бірінші дәрежелі күйіктер таңуды қажет етпейді, бірақ оны күйген теріні киіммен, қандай да бір заттармен жанға бататын жанасуынан қорғау үшін қолданылуы мүмкін. Екінші дәрежелі күйіктер көпіршіктердің тұтастығын ұзағырақ сақтау үшін және осылайша күйік жарасының инфекция жұқтырудың алдын алу үшін таңылады. Үшінші және төртінші дәрежелі күйіктерді емдеу мекемелерінің жағдайында емдейді, таңу туралы шешімді бұл жағдайда күйік жарасын (ашық немесе жабық) емдеудің таңдалған әдісіне байланысты  емдеуші дәрігер қабылдайды.  Таңғыштың астына күйіктерді жергілікті емдеу үшін жақпамай жағуға болады.   

Қарқынды ауырсыну синдромы кезінде күйікке алғашқы көмек көрсету шаралар кешенін ауырсынуды басумен толықтыру маңызды. Көлемі жағынан I-II дәрежелі кішігірім күйіктер үшін, әдетте, кез-келген рецептсіз сатылатын анальгетиктер немесе СЕҚҚҚ таблеткалары жеткілікті. Тереңірек немесе кеңірек күйіктерде ауырсынуды басуды  дәрігерлер жиі есірткі анальгетиктерін қолдана отырып жүргізеді, бұл зардап шеккен адамда ауырсынудан болатын шоктың дамуын болдырмауға мүмкіндік береді.   

Күйіктің кез келген дәрежесі және көлемі кезінде зардап шегушіні жеткілікті мөлшерде сусынмен қамтамасыз ету маңызды. Біріншіден, күйген тері ылғалды қарқынды түрде жоғалтады және ауқымды күйіктер кезінде қысқа мерзімдерде сусыздану дамуы мүмкін. Екіншіден, кез келген күйік қанға көп мөлшерде токсиндердің бөлінуімен қатар жүреді, ал ағзада су балансын қалпына келтіру интоксикация құбылысын азайтады.    

Термиялық күйікті емдеу 

Термиялық күйікті емдеудің негізгі міндеті мен мақсаты тері жабындысының тұтастығын қалпына келтіру екені сөзсіз. Терінің өсінді қабатын қамтымайтын беткі күйіктер кезінде регенерация өз бетінше жүреді. Егер күйік өсінді қабатты зақымдаған болса, жазылуы тек қана тартық арқылы ғана болуы мүмкін, сондықтан ауқымды терең күйіктер кезінде терінің ауыстырып орналастыру қажеттілігі туындайды.   

Тіндердің тұтастығын қалыпқа келтіруге бағытталған іс-шаралардан басқа, күйіктерді емдеу бірқатар басқа мақсаттарды көздейді:  

  • ауырсынуды басу; 
  • гемодинамиканы қалыптандыру; 
  • су-электролиттік балансты қалпына келтіру; 
  • қанның рН қалыптандыру; 
  • ақуыздың алмасуын қалпына келтіру; 
  • бауыр, жүрек, өкпе, бүйрек жетіспеушіліктерінің алдын алу; 
  • ағзаның детоксикациясы. 

Терең термиялық күйіктерді емдеудегі алғашқы қадам күйік жарасын мұқият тазалау болып табылады. Оның бетінен септика жағдайында және жергілікті ауырсынуды басу арқылы бөгде заттар, матаның қиындылары, қабыршақтанған эпидермис алынып тасталады. Жара сутегінің асқын тотығымен жуылады, содан кейін дәрігер одан арғы терапия тәсілі туралы шешім қабылдайды. Ашық тәсіл кезінде күйген тері аймағына таңғыш салынбайды. Терапияның жабық тәсілі күйікке қарсы жақпамай жағуды және кейіннен таңуды білдіреді.    

Термиялық күйік: үй жағдайында емдеу 

Термиялық күйіктерді есдеуді үйде де жүргізуге болады – келесі жағдайда, егер:   

  • сөз І және ІІ дәрежелі күйіктер туралы болса; 
  • зақымдану аймағы тері жабынының 10%-ынан аспаса (көлемі шамамен зардап шегушінің 10 алақанына тең болса); 
  • күйік бетте, гениталия аймағында орналаспаған болса; 
  • қол немесе табаны толығымен күймеген болса; 
  • күйік жарасының іріңдеу белгілері жоқ болса. 

Алайда, бұл жағдайда да дәрігердің алдын-ала кеңесін алу ұсынылады. Балалардағы термиялық күйікті емдеу - кез-келген, тіпті үстірт және ауданы жағынан аз, тек стационар жағдайында ғана рұқсат етіледі.   

Үй жағдайында күйікті емдеу күйік орнын мұқият салқындатудан тұрады, жоғарыда жазылғандай, кейіннен зақымданған теріге антисептикалық әсері бар жақпамайды – мысалы, Сульфаргинді жағу. Препараттың әсер етуші заты  - күміс  сульфадиазині, ол микробқа қарсы әсер көрсетеді. Соның арқасында, күміс иондары жараға біртіндеп босатылады, жақпамайдың әсері ұзартылады, және оны тәулігіне бер рет жағу жеткілікті. Бактерияға қарсы әсері бар жақпамай күйік жарасының іріңдеуінің профилактикасын және оның жазылуын жылдамдатуды қамтамасыз етеді. Препаратты таңғыштың астына тәулігіне 1 рет, сол сияқты онсыз – ашық тәсілмен тәулігіне 2 рет жағуға болады.   

Сондай-ақ үйде төмендегілерді жасауға болмайтынын есте сақтаған жөн: 

  • көпіршіктерді қысу, тесу; 
  • зақымданған жерге лейкопластырь жапсыру; 
  • күйік шалған теріні лас қолмен ұстау; 
  • күйікті емдеу үшін «халықтық» құралдарды қолдану: май, «үй» жақпамайлары, сары май және т.б. Термиялық күйік кезінде емдеу дүкендерде және сауда дүңгіршектерінде сатылатын косметикалық құралдармен емес, дәріханаларда сатылатын дәрілік препараттермен жүргізілуі тиіс.    

Термиялық күйіктер, тіпті кішігірім және терең емес, емдеуді қажет етеді. Терідегі регенерация процестері өздігінен жүреді, бірақ емдеу шаралары оларды жылдамдатуға, асқынулардың алдын алуға және күйіктен кейінгі қалпына келу процесін барынша жайлы етуге көмектеседі.   

ҚОЛДАНАР АЛДЫНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОЛДАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚПЕН ТАНЫСЫҢЫЗ. ӨЗІН-ӨЗІ ЕМДЕУ СІЗДІҢ ДЕНСАУЛЫҒЫҢЫЗҒА ЗИЯН КЕЛТІРУІ МҮМКІН