Кішкентай балалардағы сызаттар, кесіктер, ұзақ уақыт жазылмайтын жаралар. Үйде емдейміз   

Травматология бөліміндегі барлық пациенттердің бестен бір бөлігі - мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балалар. Балақайлар көптеген заттар оларға қауіп төндіретінін түсінбестен, әлемді белсенді түрде тани бастайды. Баланың қай жерде және қалай кезекті жерін кесіп немесе көгертіп алатынын болжау мүмкін емес. Барлық сақтық шараларын қолдана отырып, сіз баланы жарақаттан 100% сақтай алмайсыз. Терісі сыдырылған жерлер,  сызаттар, кішкентай күйіктер немесе кесіктер болмай қоймайды.    

Дәрігерге қаралмайтын кішігірім тұрмыстық жарақаттарды балалар күн сайын дерлік алады: мысықтың тырнақтарынан сызаттар, көгерулер, пышақпен немесе қайшымен кесілген жерлер, сыдырылған шынтақ пен тізе – балалық шақтың ажырамас белгілері. Ең бастысы - жараның іріңдеуіне жол бермеу және оңтайлы емдеу процесін қамтамасыз ету. Ол үшін онда кірдің, құмның, топырақтың бар-жоғын тексеріңіз. Мұндай зақымданулардың кейбірі «жазылғысы келмейді», ылғалданып, қабынып, ауыра бастайды. Сонымен қатар, нәресте жараны тырнап, инфекцияны түсіруі  мүмкін. Бірақ сіз балаға осы жарақаттармен байланысты ыңғайсыздық сезімдерін тез жоюға көмектесе аласыз.  

Әдетте мұндай жаралар үшін ананың дәрі-дәрмек қобдишасында құтылар мен сықпалардың тұтас қатары бар: жасыл дәрі, йод, асқын тотық, спирт, спрей, крем, жақпамай және т.б. Қиындық көптеген препараттарды балаларға қолдану қауіпсіз емес екендіктен тұрады. Спирттік негіз қабынған теріні тітіркендіреді және ауырсынуды күшейтуі мүмкін, асқын тотық жуу кезінде зарарсыздандырушы құрал ретінде ғана әрекет етеді. Алайда, ұзақ уақыт жазылмайтын жаралар жағдайында, жараны зарарсыздандырып қана қоймай, сонымен бірге оған қайтадан бактериялардың түсуінен қорғау да маңызды.   

Жараға түскен бактерияларды жою үшін негізінде күміс иондары бар жақпамайды қолдану ұсынылады, мысалы Сульфаргин, Күміс айқын көрінген бактерияға қарсы әсерге ие,  кесілген жерлер мен сызаттардың жазылуын тездетеді. Күміс иондарының жақпамаймен біртіндеп бөлінуі инфекцияның қайтадан түсуінен сенімді қорғайды. Осы әрекеттің арқасында жара тезірек жазылады. Одан басқа, Сульфаргин® жақпамайын қолдану, йодқа және жасыл дәріге қарағанда, күйдіру сезімін тудырмайды. Жақпамайды стерильді таңғыштың астына  да, ашық әдіспен де жағуға болады.  Таңғышты түнде жасауға болады - күміс иондары жақпамайдан біртіндеп шығарылады және ұзақ уақыт бойы пайдалы әсер етеді.   

Мұндай бактерияға қарсы препараттың сөзсіз артықшылығы - оның әмбебаптығында. Жақпамай жазылмайтын күйіктерді, жараларды, сызаттарды, сондай-ақ бір жастан асқан және үлкен балалардағы жаңа жараларды емдей алады. 

ҚОЛДАНАР АЛДЫНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОЛДАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚПЕН ТАНЫСЫҢЫЗ. ӨЗІН-ӨЗІ ЕМДЕУ СІЗДІҢ ДЕНСАУЛЫҒЫҢЫЗҒА ЗИЯН КЕЛТІРУІ МҮМКІН