Төсек жаралары

Төсек жаралары — бір жағынан төсек беті немесе гипс таңғышы (сирек – жұмсақ таңғыш немесе киім), екінші жағынан – сүйек арасында қысылған кезде жұмсақ тіндердің жергілікті қоректенуінің  бұзылуы. Мұндай қоректенудің бұзылуы тіндердің жергілікті жансыздануына   – некрозға, және ұзақ уақыт емделмейтін жараның пайда болуына алып келеді.

Көбінесе төсек жараларына қандай да бір себептерге байланысты ұзақ уақыт жатып немесе отырып қалған адамдар,  сондай-ақ қант диабеті мен артық салмақтан зардап шегетін қарт адамдар ұшырайды.

Төсек жаралары туралы егжей-тегжейлі осы жерден оқуға болады.

Төсек жаралары қай жерде жиі пайда болады?

Төсек жаралары қай жерде жиі пайда болады?

Өкше

Бөкселер

Арқа

Сегізкөз және құймышақ аймағы

Жамбастың жалпақ сүйектерінің жоталары

Төсек жаралары несімен қауіпті?

Тіндердің жансыздану аймағы ағзаның интоксикация көзіне, ауру тудыратын  микробтардың көбеюіне қоректік ортаға айналады. Асқынған төсек жаралары – науқастың ауыр азап шегуінің көзі ғана емес, олар асқынулардың, тіпті сепсистің және өлімнің себебі болуы мүмкін.

Жатып қалған  науқасқа қалай күтім жасау керектігі туралы толығырақ осы жерден оқи аласыз.

Жатып қалған науқастарда төсек жараларын емдеу

Бірінші кезекте есте ұстаған жөн: қызарған аймақтарды, тіпті олардың терісі көзбен қарағанда зақымдалмаса да, уқалауға болмайды – осылайша сіз қабынған теріні жарақаттауыңыз мүмкін.

Төсек жараларын антисептикалық жақпамайлармен міндетті түрде өңдеу керек.

Төсек жаралары кезінде Сульфаргин® қалай жұмыс істейді?

Сульфаргин® құрамында жарада екі микробқа қарсы компонентке ауыстырылатын күміс сульфадиазині бар: күміс иондары мен сульфадиазин. Олар бірігіп қуатты микробқа әсерді қамтамасыз етеді.

Күміс иондары микробтарға үш түрлі әсер ете алады:

  • Бактериялардың көбеюін тоқтатады
  • Бактериялық жасушаға О2 жеткізілуін тоқтатады
  • Микроағзаның жасушалық қабыршағын бұзады

Төсек жараларын емдеу кезінде бұл нені білдіреді?

  • Төсек жараларының аймағында көбеюі мүмкін ауру тудыратын бактериялар жойылады
  • Қабыну азаяды
  • Төсек жараларының жазылуын тездетеді
  • Жараның жарақаттануы және таңу кезінде ауырсыну азаяды

ҚОЛДАНАР АЛДЫНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОЛДАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚПЕН ТАНЫСЫҢЫЗ. ӨЗІН-ӨЗІ ЕМДЕУ СІЗДІҢ ДЕНСАУЛЫҒЫҢЫЗҒА ЗИЯН КЕЛТІРУІ МҮМКІН